Алматы облысында балалар үйі қызметкерлері сотталғалы жатыр

Жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алматы облыстық N1 балалар үйінің қызметкерлеріне немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаменті коммунальдық мемлекеттік мекемесінің (КММ) қызметкерлеріне қатысты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде (ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы), деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Департамент осы іс аясында КММ-ның лауазымды адамдарына қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді (ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы, 1-бөлігі).

Сотқа дейінгі тергеу барысы туралы басқа ақпараттар жария етуге жатпайды, делінген баспасөз хабарламасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: