Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы қызметінен босатылып, қамауға алынды
Фото: freepik
Ішкі істер министрлігінің тексеруі барысында Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы тарапынан заңға қайшы әрекеттер жасалғаны анықталды. Ол белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген ақпаратта.
Ведомствоның мәліметінше, бұл шешімдер ІІМ-нің заңдылықты сақтауды қатаң бақылау және қызметтік тәртіп пен заң талаптарын бұзған кез келген тұлғаны, атқарып отырған лауазымына қарамастан, міндетті түрде жауапкершілікке тарту қағидатына сәйкес қабылданған.
Бұған дейін Алматыда дәрілік заттарды заңсыз өткізу деректері тоқтатылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript