ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы тұтқындалды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель, правонарушители, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 13:21 Фото: pexels
Ақтауда ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Әскери-тергеу басқармасының мамандары Джавгашев пен Сәдуақасовтың 1 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ҰҚК қызметкерлеріне ұсталғаны жайлы ақпарат 2024 жылдың желтоқсан айында журналист Михаил Козачковтың Telegram-каналында пайда болған болатын.

Бүгін, 2025 жылғы 10 қаңтарда ҚР ҰҚК фактіні растады. Онда ҚР ҚК–нің 366-бабы — Пара алу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды. Басқа ақпарат жария етілмейді.

Полковник Мұхит Джавгашев ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы болып табылады.

Бұған дейін Қостанайда синтетикалық есірткі жасырған күдікті ұсталғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: