Алматыда дәрілік заттарды заңсыз өткізу деректері тоқтатылды
Сурет: polisia.kz
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері дәріхана пункттерін тексеріп, дәрігердің рецептісінсіз дәрілік заттарды сату деректерін анықтауда, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды белгілеуде.
Атап айтқанда, қала аудандарының бірқатарында дәрігердің рецептісінсіз күшті әсер ететін дәрілік заттарды сату фактілері анықталып, оларды заңсыз сатып алған тұлғалар белгіленді. Заңсыз айналымнан ірі көлемдегі дәрілік заттар тәркіленді.
"Анықталған барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр",- деп мәлімдеді полицейлер.
Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батуржан Абдумасаров атап өткендей, күшті әсер ететін препараттарды еркін сату – жол берілмейтін жағдай. Бұл тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Мұндай деректер ерекше бақылауда.
Бұған дейін Ұлытау облысында полиция ірі ұрлықтың бетін ашқанын жазғанбыз.