Ұлытау облысында полиция ірі ұрлықтың бетін ашты: күдіктілердің әрекеті видеоға түсіп қалған

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 18:18 Фото: akorda.kz
Ұлытау облысында криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде мүлікті ұрлауға байланысты қылмысты ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, наурыз айында Жәйрем кентінің тұрғынынан полиция бөліміне арыз түскен. Оның айтуынша, кешкі уақытта белгісіз тұлғалар металл торды жұлып, пластик терезені күшпен ашып, жеке тұрғын үйге кірген. Қаскөйлер металл сейфті қолды қылған. Сейфтің ішінде ақша, жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар және асыл тастармен көмкерілген алтыннан жасалған көптеген зергерлік бұйым болған.

"Жалпы келтірілген материалдық шығын 9 миллион теңгеден асты. Қылмыс болған сәт ЖБО камераларына түсіп қалған. Видеода екі ер адамның сейфті көтеріп алып шыққаны көрінеді".ҚР ІІМ

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Алматы, Қарағанды қалалары мен Жәйрем кенті аумағында 27 мен 39 жас аралығындағы үш күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың екеуі – Жаңаарқа ауданының тұрғындары, ағайынды азамат. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркілене отырып, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген",- деп мәлімдеді полицейлер.

Бұған дейін Жетісу облысында аса ірі көлемде шығын келтірген алаяқтың әрекеті әшкереленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: