Түркістан облысында полиция ұрлықтың бетін ашты

Түркістан облысы Жетісай ауданының полиция қызметкерлері шаштараздағы ұрлықты ашты.
Белгілі болғандай, оқиға күндізгі уақытта болды.
Күдікке ілінген ер адам көршісінің үйіндегі шаштаразға кіріп, құны 30 000 теңгеден асатын шаш алуға арналған электрлік құралдарды жымқырып кеткен.
Сонымен қатар ол жол бойында тұрған, кілттенбеген Audi көлігінің салонынан 20 мың теңгені ұрлап кеткен. Күдікті бұл әрекеттерін мас күйінде жасаған.
Оның әрекеттері шаштаразда орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты заттарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript