Петропавл қалалық полиция басқармасының басшысы жаңадан тағайындалды
Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің бұйрығымен Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды. Бұл лауазымға полиция полковнигі Марат Жұмалиев келді.
42 жастағы Марат Ахметжанұлы Жұмалиев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда туған. Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Алғашқы лауазымы – Петропавл қаласы ІІБ 2 полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі. Кейін түрлі лауазымдарда, оның ішінде қалалық полиция басқармасы мен СҚО полиция департаментіндегі криминалдық полиция бөліністерінде басшылық қызметте болды. Осыған дейінгі соңғы лауазымы – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы.
Қалалық ПБ жетекшісін таныстырған СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жаңа басшыға өңірдегі ең ірі полиция бөлінісінің жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыруда сәттілік тіледі.
Қалалық полиция ведомствосының бұрынғы басшысы полиция полковнигі Ербол Тайбеков Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.
