Талғар аудандық полиция басқармасы бастығының м. а. тағайындалды

Талғар аудандық полиция басқармасы бастығының м. а. тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 14:49 Сурет: Instagram/talgar_police
Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудандық ПБ мәліметінше, қызметке Айдар Умаров лайық деп танылды.

"ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымының міндетін атқарушы болып полиция подполковнигі Айдар Абдікерімұлы Умаров тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Жаңа тағайындауға дейін Айдар Омаров Балқаш аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Бұған дейін Талғар әкімінің орынбасары тағайындалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: