Талғар әкімінің орынбасары тағайындалды: ол туралы не белгілі

Талғар әкімінің орынбасары тағайындалды: ол туралы не белгілі , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2024 15:28 Сурет: Instagram/akimat_gorod_talgar
Талғар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 18 қарашада әкімдіктің Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.

"Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Ынтымакович Байбатыров тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Бауыржан Байбатыров 1987 жылы дүниеге келді. "Орталық Азия Университеті", құқықтану мамандығы бойынша білім алған. Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 8 жылдан асады.

Еңбек жолы:

  1. 2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маманнан бастап, бас маман лауазымына дейін көтерілді.
  2. 2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды.
  3. 2023 жылдан бастап Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: