Алматыда тауда жоғалған адам іздестіріліп жатыр

Pixabay
Қазавиақұтқару КА-32 әуе борты (тұман, уақытша ұшу мүмкіндігі жоқ) әзірлікте тұр.

Алматыда тауда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

"2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15.20-да "112" пультіне 1981 жылғы азамат хабарласып, өзінің "Шымбұлақ" шыңына көтеріліп, жолдан адасып, таудан өз бетімен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Алматы қаласының құтқару қызметінің 5 іздестіру-құтқару жасағы, оның ішінде 2 кинологиялық есеп, сондай-ақ "Шымбұлақ" ТШК құтқарушылары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелердің құтқарушылары, "109 құтқару қызметі", медициналық қызметтер мен Алматы қаласы әкімі аппаратының қатарынан Алматы қаласы ТЖД жедел штабы құрылды. ТЖ және дүлей зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі орталықтың өнеркәсіптік ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды.

Қазавиақұтқару КА-32 әуе борты (тұман, уақытша ұшу мүмкіндігі жоқ) әзірлікте тұр.

"Бірінші күннен бастап іздестіру жұмыстары қалың тұман, қатты жел, дымқыл қар, нөлдік көріну жағдайында жүзеге асырылды. Құтқару жұмыстары 3200 м астам биіктікте, көшкін қаупі жоғары аумақта жүргізілуде. Қар көшкіні қаупіне қарамастан құтқарушылар жоғалған адамды іздестіруді доғарған жоқ", - деді Талғат Уәли.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео