Павлодарда жасөспірім қыз ер адамнан таяқ жеді. Тергеу басталды

видеодан алынды
Жанжал кезінде ер адам кәмелетке толмаған қызға дене жарақатын салған. Ер адамға қатысты кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінен шағым түсті.

Павлодар облысында қызды ұрған ер адамға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл факт тіркеуге алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Павлодардағы дүкендердің бірінде ер адам мен 13 жасар қыз сөзге келіп, ерегескені анықталды. Жанжал кезінде ер адам кәмелетке толмаған қызға дене жарақатын салған. Ер адамға қатысты кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінен шағым түсті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Павлодар облыстық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров Polisia.kz сайтына.

25 ақпанда әлеуметтік желілерде Павлодарда көшеде бүкіл елдің көзінше ер адамның жасөспірім қызды ұрғаны түсірілген видео пайда болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз