Каспий теңізінің шығысында жеті баржаны қатты жел айдап кетті

segodnya.ua
Төтенше оқиға 26 ақпанда шамамен таңғы 03: 00-де болған.

Қатты жел Түпқараған шығанағындағы Баутино порты маңында тұрған 7 баржа зәкірін үзіп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ИИДМ мәліметінше, төтенше оқиға 26 ақпанда шамамен таңғы 03: 00-де болған.

Қатты жел, сондай-ақ жылжыған сең зәкірі үзілген баржаларды суға алып кетті. Баржалар қазір Баутино портының солтүстігіндегі Құлалы аралына қарай ығысып кетіп барады. Оларды қайта алып келу үшін буксир жіберілді, деп атап өтті министрліктегілер.

Зардап шеккендер жоқ, теңіздегі қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрған жоқ, судың ластануы болмады.

Түпқараған - Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Маңғышлақ түбегіндегі мүйіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді