Алматы маңындағы арнайы операция: пәтер тонаумен айналысқан ағайынды жігіттер ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 14:59 Фото: pexels
Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қала маңында арнайы операция жүргізіп, пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында күдіктілердің ағайынды екі жігіт екені анықталды.

Полицияның мәліметінше, олар басқа өңірден келген және Алматының тұрғын аудандарындағы бірінші және екінші қабатта орналасқан пәтерлерді нысанаға алған.

Күдіктілер алдын ала әзірленген схема бойынша әрекет еткен: алдымен терезе торларын бұзып, пәтерге кірген, кейін бағалы әрі алып жүруге ыңғайлы заттарды тез арада жинап алып отырған.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, олар оқиға орнынан бірнеше минут ішінде ізін суытып үлгеретін болған.

Алайда тәртіп сақшылары күдіктілердің ізіне түсіп, оларды қолға түсірді. Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынған.

Полиция олардың кемінде бес пәтер ұрлығына қатысы барын анықтады. Қазір күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шымкенттен Астанаға ұшқан жолаушының 7,6 миллион теңгесі жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: