Қарағандыда подъезге көрпеге ораулы сәбиді тастап кеткен

healthplus.vn
Қазір сәбидің анасы іздестіріліп жатыр.

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен көрпеге ораулы сәби табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, баланың дені сау.

3 наурызда сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ші ықшам аудандағы үйлердің бірінің кіреберісінде белгісіз біреу есік алдына кішкентай сәбиді тастап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол көрпеге оралған екі айлыққыз бала болып шықты. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Баланың дені сау, медициналық мекемеге жеткізілді, - деп атап өтті полициядағылар.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Полиция сәбидің анасын іздеп жатқандықтарын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео