КВИ-ді жоққа шығаратын ПТР-тест қағазын 7 мың теңгеден сатқандар ұсталды

pexels.com
Күдіктілер кінәсін толық мойындаған. Тергеу жүріп жатыр.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау қызметкерлері коронавирусты анықтауға арналған ПТР-сынағы бойынша ауруды жоққа шығаратын жалған анықтама қағаз сатқан, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырықа маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірнеше күн бұрын тіркелген қылмыстық іске тоқтала кетсем деймін. Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі екі медициналық мекеме қызметкерлерінің қылмыстық ісі бойынша тергеуді бастады, олар 2020-21 жылдары жүйелі түрде, тестілеуден өтпеген адамдарға КВИ-ға қатысты ПТР-тест нәтижесі көрсетілген әрі оны жоққа шығаратын жалған анықтама-қағаз сатқан, - деді Биғайдаров.

Олар өз қызметін көбіне вахта әдісімен жұмыс істейтіндерге, шетелге шықпақ болған азаматтарға ұсынып отырған. Заңсыз жолмен теріс нәтижелі 60-қа жуық тест сатылған. Тінту кезінде анықтаманы басып шығаратын компьютерлік техника мен мөр табылды.

Күдіктілер кінәсін толық мойындаған. Тергеу жүріп жатыр. Екі медициналық мекеменің мамандары қолдан жасалған құжатты 7 мың теңгеден саудалап келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі