Қостанай облысында ажырасқысы келмеген ер адам әйелін өлтірді

neonomad.kz
Ер адам полицияға 21 наурызда 21 жастағы әйелі екі жасар баласын тастап, із-түссіз кеткенін хабарлаған.

Қостанай облысы Лаврентьевка ауылының 36 жастағы тұрғыны әйелін өлімші етіп сабап, құдыққа лақтырып жіберген, деп хабарлайды zakon.kz.

ТоболИнфо аймақтық басылымының хабарлауынша, ер адам полицияға 21 наурызда 21 жастағы әйелі екі жасар баласын тастап, із-түссіз кеткенін хабарлаған.

Полициямен бірге келіншекті іздеуге жұбайы да белсенді ат салысты.

Полицияда атап өткендей, Раушанның денесі Халықаралық әйелдер күні табылып, 9 наурызда жерленді.

Жоғалған келіншектің оқиғасына қатысты, ең бірінші кезекте күйеуіне күдік келтірілді, кейінірек белгілі болғандай, олар ажыраспақ болыпты, - деп түсіндірді полициядағылар.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындағаны белгілі болды. 36 жастағы күйеуі әйелін бөкебаймен тұншықтырып өлтірген, содан кейін оның денесін ауыл шетіне апарып, құдыққа тастаған. Ер адам өз анасына әйелінің заттарын жинап, кетіп қалғанын айтқан.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Екі жастағы бала қазір күдіктінің туыстарының қолында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады