Қостанай облысында 17 жастағы студент асылып өлді

tobolinfo
Студенттің әке-шешесі ұлын біреулер суицидке итермелеген деп санайды.

Қостанай облысында 17 жастағы студент оқу кезінде жалдап тұрып келген пәтеріндегі есіктің сабына асылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz ТоболИнфоға сілтеме жасап.

Оқиға 19 наурызда болған. Сонымен бірге, жас жігіт анасы мен әкесінен кешірім сұрап, өзінің өліміне ешкімді кінәламауды, соттамауды және кешірмеуді сұрап, хат қалдырған екен. Ол соңғы кездері «өзімнің барлық күнәларымды өтеуім керекпін» деген сезімнен арыла алмай келгенін жазады.

Білім беру мекемесі студенттің екінші курста оқитынын, осы уақыт ішінде ол өзін тек жағымды жағынан көрсеткенін, полицияның есебінде болмағанын, колледж өміріне белсенді қатысқанын, себепсіз сабақтан қалмағанын атап өтті. Көңілді жүрген, ешқандай материалдық қиындықтары болмаған, ешкіммен қақтығыспаған. Оның неге мұндай сұмдық қадамға барғаны колледж басшылығы үшін де, туыстарының өздері үшін де құпия болып отыр.

Студенттің әке-шешесі ұлын біреулер суицидке итермелеген деп санайды, өйткені ол бір күн бұрын үйге қоңырау шалып, Наурыз мейрамына қонаққа барамын деген екен. Алайда қайтыс болған жас жігіттің туыстары бұл ақпаратты растамады.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабымен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) іс тіркелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды