Ақтау әуежайын дүрліктірген сөмкенің иесі анықталды

Pixabay
Полиция сөмке иесі Ақтау-Шымкент рейсіне мінген 21 жастағы жолаушы екенін анықтады.

5 сәуірде кешке күдікті затқа байланысты Ақтау әуежайындағылардың барлығы жедел түрде эвакуацияланды. Полиция осы оқиғаның жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың 5 сәуірінде сағат 21.00-де Ақтау әуежайындағы патрульдік-бақылау бекетінің полиция қызметкері аумақты аралап жүргенде әуежай территориясындағы қоқыс контейнерінің жанында қараусыз жатқан сөмкені көреді. Осы ақпаратты алғаннан кейін Желілік полиция бөлімінің жеке құрамы әуежайдың іргелес аумағын қоршауға алды. Жедел әрекет ету қызметтері хабардар етілді, - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Әуежай ғимаратынан 350-400 адам эвакуацияланды.

Саперлер рюкзакты қарап, ол жерден қауіпті немесе тыйым салынған заттарды таппады.

Полиция сөмке иесі Ақтау-Шымкент рейсіне мінген 21 жастағы жолаушы екенін анықтады.

Сұрақ-жауап кезінде ол рейске тіркелгеннен кейін жүгінің жолаушылар сөмкесі салмағының шегінен асып кеткендігін айтты. Ал артық жүкке төлеуге оның ақшасы болмаған. Сондықтан ол терминал басында жұмыс киімдерін алып, қоқыс контейнеріне тастаған рюкзакқа салған, деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі уақытта Көліктегі полиция осы жайтқа байланысты тексеру жүргізуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев