Түркістанда құдалыққа жиналған қауым тарқатылды

polisia.kz
Құзырлы ведомства Бас санитарлық дәрігердің қаулысы талаптарын қатаң сақтап, бетперде тағу және арақашықтықты сақтауды еске салады.

Түркістан облысының полицейлері құдалыққа жиналған қауымды тарқатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz-ның хабарлауынша, кезекті профилактикалық-рейдтік шараларды жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның карантинге қарамастан сағат 15:10 шамасында Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінің көшелерінің бірінде орналасқан тойханада 80-нен астам адамды жинап, құдалық тойын өткізіп жатқандығы анықталды.

Анықталған деректерге қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін СЭББ-ге жолданды. Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ құзырлы ведомства Бас санитарлық дәрігердің қаулысы талаптарын қатаң сақтап, бетперде тағу және арақашықтықты сақтауды еске салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін