"СК-Фармацияның" экс-басшысына қандай айып тағылып отыр

ortcom.kz ortcom.kz
Оған қатысты қылмыстық іс "Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланудан" бөлек қару-жарақ сақтау, сату, тасымалдау немесе алып жүру бабы бойынша да қарастырылып жатыр.

26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотында "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 4 бөлімі, 3-тармағы (Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану) және 287-бабы (Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қаралып жатқанын айтты.

9 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармация" ЖШС-нің экс-басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлады.

Қаңтарда "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке алғашында қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылғандығы туралы хабарланған, бірақ кейінірек іс салақтық бабы бойынша қайта қарастырылды. Яғни, лауазымды тұлғаның өз қызметіне ұқыпсыз қарауы, адалдық танытпауы бойынша.

2020 жылдың 14 тамызында соттың санкциясымен Берік Шәріп ұсталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейді

"Бөдененің жұмыртқасындай". СҚО-да бұршақ жауды

Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы