Алматыда жанар-жағармай құю бекетінде зардап шеккендердің жағдайы туралы

zakon.kz
Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланады.

Алматыда жанар-жағармай құю бекетінде уланған жұмысшылар жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланады.

27 сәуірде жанар-жағармай құю бекетінде метанмен улану белгілері бар үш адам Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Қазір үшеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, естерін жиған. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалайды, деп атап өтті басқармадағылар.

Төтенше жағдай Төле би көшесіне жетпей, қаладағы шығыс айналма жолы (ВОАД) бойындағы жанар-жағармай бекетінде орын алды. Куәгерлердің айтуынша, коммуналдық қызметкерлер судың есептегішін тексеруге келген, жанармай бекеті жұмысшысы сол аумақтағы люкке түсіп, оралмаған. Оның себебін білу үшін екінші жұмысшы люкке түседі, бірақ жағдай тағы қайталанды, содан үшінші адам да люкке түсіп, тым-тырыс болады.

Төтенше жағдай күштері үшеуін де құтқарды, олар люктегі газдан уланған болып шықты, олардың барлығы тірі, барлығы да ауруханаға жатқызылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін