ШҚО-дағы алапат өрт. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті

ШҚО ТЖД
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция Шығыс Қазақстан облысында әйел адам қайтыс болып, екі ер адам жансақтау бөліміне түскен өрт оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді қолға алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған факт бойынша Риддер қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы, 2-бөлімі (Отпен жұмыс істеуде абайсызда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

10 мамырда Шығыс Қазақстан облысында орман өртке оранды. Риддер қаласы маңындағы өртте Лесхоз елді-мекенінің бірнеше үйі жанып кетті. Зардап шеккендер мен құрбандар бар. Өртті сөндіру ісі жалғастырылуда.

Қазіргі уақытта, нақтыланған мәліметтер бойынша, 35 үй мен 9 қора-қопсы өртеніп кетті. Даниал Ахметовтың айтуынша, баспана мәселесін толығымен шешу үшін 2,5 айдай уақыт қажет.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады