Түркістан облысында жоғалған қыз табылды

Ашық дерекөздерден алынды
Бір тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, Шымкент қаласынан табылды.

Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қызды Шымкент қаласынан тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Ордабасы АПБ-на жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда түнгі уақытта қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеген, алайда еш нәтиже шықпаған. Содан соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері бірден жасөспірім қызды іздеуге бағытталған шаралардың барлығын атқарды. Таныстарының, туыстарының үйлерін жіті бақылап, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде бір тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, Шымкент қаласынан табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасымен бірге. Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған анасы:

– Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Қызымызды тауып алып келіп, қолымызға аман-есен табыстады. Жұмыстары алға баса берсін. Әр уақытта жақсылық болып, дендеріне саулық тілеймін, – деп өз алғысын жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар қыздарыңызбен сырласып, ойын толық тыңдауға шақырады. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда, тез арада “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз