Оралда қару мен есірткі зат тасымалдаған екі адам ұсталды

polisia.kz
Ұсталған азаматтардың арасында такси жүргізушісінің бұл іске мүлде қатысы жоқ болып шықты. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО тәртіп сақшылары Орал қаласына травматикалық қару мен құрамында есірткі бар препараттарды тасымалдаған екі тұрғынды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, ұсталғандардың бірі ақ зат салынған затты жұтып қоюға тырысты.

"БҚО полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “Шкода Октавия” автокөлігін тоқтатты. Автокөлікте үш адам болды. Оның біреуі – такси жүргізушісі. Полиция олардан көліктен шығуды сұрағанда, олардың бірі ақ кристалды ұнтақ салынған пакетті алып, аузына салып, жұтуға тырысты. Бірақ полицейлер оған кедергі жасап үлгерді. Сонымен қатар, ақ кристалды зат салынған пакеттен басқа, ұсталғандардан тіркелмеген травматикалық қару тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК 296-бабы (Құрамында есірткі бар препараттарды заңсыз қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалды", делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтардың арасында такси жүргізушісінің бұл іске мүлде қатысы жоқ болып шықты. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді