Лаңкестікті ашықтан ашық насихаттаған ақтөбелік сотталды

polisia.kz
Жас жігіт бұған дейін Сауд Арабиясының медициналық ислам университетінде оқыған. Екі жыл бұрын 3-курс студенті жазғы демалысқа туған жеріне келген.

Сауд Арабиясында оқыған Ақтөбе тұрғыны лаңкестікті насихаттады деген айыппен сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 31 жастағы ақтөбелік дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттағаны үшін Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты КА-168/2 орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұған дейін Сауд Арабиясының медициналық ислам университетінде оқыған. Екі жыл бұрын 3-курс студенті жазғы демалысқа туған жеріне келген.

Дөңгелек жөндейтін орында діни сабақ беремін деп ол, нақтысында дәстүрлі емес діни ағымды ашық түрде насихаттады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сот оны бес жылға бас бостандығынан айырды.

Қазіргі уақытта "Ақниет" қоғамдық қорының және "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығының мамандары, сондай-ақ мешіт имамдары тұрақты түрде осы сотталушыны сауықтыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды өткізуде, - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ-дың тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының бас маманы Руслан Төлегенов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды