Бозбала анасына келіп жүрген еркектің көлігін ұрлап, терезесін шақты

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Мінезді ұл ашуын мәшинеден алды.

22 мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Малыбай ауылының 34 жастағы тұрғыны "Mitsubishi Galant" көлігінің ұрланғанын айтып, полицияға арызданған, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексере келе анықталғандай, ол соңғы рет көлігімен көңілдес әйелдің үйіне барған екен. Бие сауымдай уақыттан кейін көлігінің жоқ болғанын байқапты.

Іздестіру барысында әлгі онсыз да ескі көлік капоты майысқан, айнасы сынған, терезелері шағылған күйде әйелдің 19 жастағы ұлынан табылды.

Ұл ұрлыққа барғанын да, көлікті ұрғанын да мойындады. Анасының жаңағы еркекпен кездесіп жүргені жынына әбден тиген көрінеді.

Көлік иесіне қайтарылды, күдіктіге қатысты келуге міндеттеу шарасы қолданылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде