Тәжікстан президентінің туысы қамауға алынды

zakon.kz
36 жастағы Нахшов Амриддин Данғара ауылындағы кафеде болған жаппай төбелеске қатысқан.

Тәжікстан президентінің әйелінің немере інісіне үлкен көлемде айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды zakon.kz.

36 жастағы Нахшов Амриддин Данғара ауылындағы кафеде болған жаппай төбелеске қатысты. Оқиға салдарынан 10-ға жуық адам зардап шекті, оның төртеуі пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің арасында Ауғанстанның төрт азаматы бар.

Asia-Plus-тің хабарлауынша, Нахшов алдымен қашып кеткен, бірақ кейін өз еркімен кінәсін мойындаған.

Радио Озоди атап өткендей, Эмонали Рахмонның әйелінің немере інісі өз еркімен берілгенге дейін Данғарада емін-еркін жүрген, оны ұстауға ешкімнің дәті бармаған.

Нахшов қозғалған қылмыстық іс аясында қамауға алынды, алдын ала тергеу жүргізілуде, - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Нахшов қамауға алынғанға дейін алтын өндіретін кәсіпорынды басқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма