Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Depositphotos
Бұл күні бір топ жасөспірім "Қызыл су" су қоймасына барғаны анықталды.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында қайғылы оқиға орын алды, Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандық аурухананың фельдшерінен жансақтау бөлімінде 17 жастағы жергілікті тұрғын қайтыс болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Бұл күні бір топ жасөспірім мектеп әкімшілігін хабардар етпей, жергілікті "Қызыл су" су қоймасына барғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Суға шомылу нәтижесінде 2004 жылы туған кәмелетке толмаған бала жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жасөспірімнің өлімі "өкпеге судың түсуі арқылы механикалық асфиксия" нәтижесінде пайда болды.

Ақмола полицейлері су қоймаларының жанында демалуды жоспарлап отырған азаматтарға жеке қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Полицейлер ата-аналарды балалар мен жасөспірімдерді жағажайларда және өзге де су айдындарында қараусыз қалдырмауға, бұл үшін бейімделмеген жерлерде шомылмауға, су айдындарының жағасында спирттік ішімдіктерді ішуден аулақ болуға шақырады.

Жағадан алыс жүзуге, ескерту белгілері үшін жүзуге болмайды. Тек арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда ғана шомылуға болатынын ескертеді полицейлер мен құтқарушылар. Көбінесе жазатайым оқиғалар азаматтардың су объектілерінің жанында болған кезде жеке қауіпсіздік шараларын ескермеуінен болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды