7 маусымда Алматыдағы цемент зауытында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.
Әлеуметтік желіде 7 маусым күні кешке Павлодарская, 48 көшесінде орналасқан цемент зауытында "жарылыс" болды деген хабарлама тарады.
Үйлерді цемент басып қалды! Цемент зауытындағы жарылыс! Бұл экоцид! Үйлер зауытқа жақын орналасқан, тұрғындар мұнда 60-шы жылдары орныққан, ал зауыт 2016 жылы! Тұрғындар зауыттың көшірілуін талап етуде, - деп жазды эко белсенді Салтанат Ташимова facebook-те.
Видеода көкке цемент шаңы бұрқ етіп үлкен көлемде көтеріледі. Экраннан тыс дауыстар: "Апат болды, жарылыс болды" деп айқайлайды. Ал бұл жазбаға пікір қалдырушылар мұнда цемент шаңы қалыпты жағдай екенін, адамдар онымен тыныстауға мәжбүр екенін жазады.
Түсініктеме алу үшін біз Алматы қаласы әкімдігінің Экология департаментіне хабарластық.
Берілген ақпаратқа сәйкес, 7 маусымда сағат 20.00 шамасында "Нұртау Темір" ЖШС-ның Павлодарская 48 көшесінде орналасқан өндірістік базасында цемент таситын көліктен шикізатты сығынды ыдысқа айдау кезінде төтенше жағдай орын алған. Оған себеп - цемент таситын машинаның шлангісі жоғары қысымға шыдамай, жарылған.
Сондай-ақ, Экология департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай орын алған жерге барып, зауыт аумағынан сынамалар алынғаны да хабарланды. Оның нәтижесі ауаға жайылған шаңның рұқсат етілген шоғырлану нормативтерінен асып кеткенін көрсетті.
Жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады, деп мәлімдеді департаменттегілер.
Сондай-ақ, Экология департаменті қазіргі уақытта мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2018 жылғы қорытындысын қайтарып алу туралы сот өндірісі жүріп жатқанын айтты.
Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің сотқа дейін жеткізбей мәселені шешу туралы хаты негізінде қаланың Жасыл экономика басқармасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынан айыру (қайтарып алу) туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінді. 2018 жылғы 16 қарашадағы "Өндірістік база" үшін шығарындылар нормативтері (максималды рұқсат етілген шығарындылар)" жобасы бойынша шығарылған және қоршаған ортаға эмиссиялардың күшін жою талап етіледі. Қазіргі уақытта сот процестері жүріп жатыр, - делінген Экология департаментінің жауабында.