ШҚО-да Бұқтырма өзеніндегі су кенеттен көтеріле бастады
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 2024 жылы 25 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Лесная Пристань ауылы – Бұқтырма өзені гидрологиялық бекетінің төменгі жағында сең кептелісінің салдарынан су деңгейінің көтерілуі байқалуда.
"Су деңгейі сағат 12.00-ге 350 см-ді, сағат 16.00-ге 430 см-ді құрады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. Шекті (критикалық) су деңгейі - 530 см". "Қазгидромет" РМК
Құзырлы мекеме су деңгейі шекті деңгейден асқан кезде өзен ағысының төмен бөлігінде, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі барын ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript