Шымкент қалалық Экономикалық тергеулер басқармасы банк қызметкерлерінің номиналы 500 евро болатын жалған ақшаны сатқанын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жалпы, банктің 5 қызметкері алдын ала келісім бойынша тұтынушыларға 4000 евро көлемінде жалған банкноттар сатқан.
Тергеу барысында анықталғандай, 2020 жылы банк қызметкерлерінің бірі жалған 6000 евроны теңгеге шаққандағы жалпы сомасының 25% көлеміндегі ақшалай сыйақыға айырбастап алған. Әл-Фараби аудандық соты қылмыскерлерді 5 жылға бас бостандығынан айырды. Банк қызметкерлеріне жалған ақша ұсынған адамға халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға және қолма-қол ақшаны мұқият санап алуға шақырады.
Егер жалған ақшаға тап болсаңыз, оны сатуға тырыспаңыз. Ондай жағдайда арнайы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Мұндайда ҚР Қылмыстық кодекстің 231-бабы.бойынша, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Егер жалған банкнотқа тап болсаңыз, дереу Агенттіктің +7 (7172) 70-84-78 сенім телефондарына хабарласыңыз.