Бір келіншек нақсүйерінің әйелінен қашамын деп жол апатына ұшырады

userapi.com
Жол апатына ұшыраған көлікті ол есік алдынан айдап кеткен, яғни ол көлік ұрланғанға жатқызылды.

Алматы облысында бір келіншек нақсүйерінің әйелі мен анасынан қашамын деп біреудің көлігін айдап кетіп, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы ПД ақпаратына сәйкес, кешке 27 жастағы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны Қапшағай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне өзінің Kia Rio автокөлігінің ұрланғаны туралы арызбен жүгінген.

Ол көлігін сақтандыруды басқару құқығын беру арқылы досына тебуге берген. Ал ол көлікті Қапшағай қаласына жақын Ақөзек ауылына тастап кетіпті.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары көлікті Ақөзек ауылындағы жеке үйде досымен бірге уақыт өткізген 32 жастағы Қапшағай қаласының тұрғыны ұрлап кеткенін анықтады. Алкоголь ішімдікке бас қойған екеудің үстінен ер адамның әйелі мен анасы түсіп, келіншекке дүрсе қоя берген. Әйел қорыққанынан көшеге жүгіріп шығып, есік алдында кілтімен тұрған көліктің рөліне отырып, кетіп қалады, бірақ көп ұзамай арыққа түсіп, көлікті бүлдіріп, жарақат алады.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы, 1-бөлігі бойынша тіркеуге алынды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы хаттама толтырылып, өзін дұрыс ұстау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, ол алкогольдік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады және бүлінген автокөлікті қалпына келтіруге мәжбүр болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды