Алматы облысында сел жүрді

zen.yandex.ru
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, елді-мекендерді су басу қаупі жоқ.

Алматы облысында сел жүріп, оның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тас-лайды шайған судың видеосы пайда болды.

Биыл 9 маусымда болған жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін "Жетісу Алатау" жотасының оңтүстік баурайының таулы бөлігінде құрғақ сайдың бойымен гүрілдеп аққан су тасқынға айналды, оның екпіні секундына 70,0 текше метрді құрады. Салдарынан Панфилов ауданының Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, яғни Сарыөзек - Көктал жолының 171-інші шақырымында көпірден тасыған су жолға жайылды.Жайылған су көлемі шамамен 700-800 метрді алды, - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, елді-мекендерді су басу қаупі жоқ.

Қазір сайда су қалмады, көліктердің жол бойымен жүруі штаттық режимде өтіп жатыр, - деп атап өтті ведомстводағылар.

Олар маусым айының 8-інде "9 маусымда Алматы облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімде нөсер жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін" деп дабылды ескерту жарияланғандарын еске салды. Алматы облысының Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды ауа-райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қабылдауғ а шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды