5 жігіт жабылып 17 жастағы қызды зорлады

aif.ru
Олар 17 мен 20-ның аралығындағы жас жігіттер.

Бес жігіт 17 жастағы қызды жабылып зорлап тастады. Сұмдық қылмыс Солтүстік Қазақстан облысындағы "Березовая роща" базасының аумағында жасалған, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қаскөйлер кәмелетке толмаған жасөспірімді әбден қорлап, білгендерін істеген. Қызының зәбір көргені жайлы полицейлерге арызды Петропавл қаласының тұрғыны түсірген. Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстаған. Олар 17 мен 20-ның аралығындағы жас жігіттер. Қазіргі кезде үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екеуіне қатысты қолданылатын шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы тағайындалған.

Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Нұрбек Баекин. СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің инспекторы:

11 маусым күні полицияға "Березовая роща" демалыс базасының аумағында қызының зорланғаны туралы Петропавл тұрғыны арызданды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің быріңғай тізіміне ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 31 бөлігі зорлау және, 121 31 бөлігі сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер бойынша енгізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр