Көкшетауда пара берген кәсіпкер 28 млн теңге айыппұл төлейтін болды

ашық дереккөздерден алынды
Бұл - оның берген парасының 5 есеге жуық көлемі.

Көкшетауда пара бергені үшін кәсіпкерге 28 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

2 маусымда Көкшетау қалалық сотының үкімімен жеке кәсіпкер Сатыбалдин Қ.Қ. (ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы, 2-бөлігі) параның бес еселенген мөлшерінде - 28 932 000 теңге айыппұлды үш ай мерзім ішінде төлеуге міндеттелді, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер.

Ол Ақмола облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Р.Т.Бикеневке "Рухани жағыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған "Нұр-Сұлтан-Щучье" автомобиль жолының бойында орналасқан бес мүсін композициясын жасау және монтаждау бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісімшарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін 5 786 400 теңге көлемінде пара берді деп күдікке ілінді.

Бұған дейін Бикенев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлімі, 3-тармағы және 189-баптың 2-бөлімі, 3-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды