Нұр-Сұлтанда ажырасқысы келмеген еркек "биіктен секіремін" деп әйелін қорқытты

polisia.kz
Тәртіп сақшылары оны сөзге тартып, назарын өздеріне аударып, қолындағы пышағын қағып түсіріп, одан кейін өзін де пәтерге сүйреп кіргізді.

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары үшінші қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бас қаланың полиция қызметкерлері үшінші қабаттың балконынан секірмек болған мас адамның өмірін сақтап қалды. Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша түскен қоңырау хабарламасында айтылған мекен-жайға жетті. Полицияға сағат 07.40-та "102" желісіне бір әйел хабарласып, ер адамның үйінде төбелес шығарып жатқанын хабарлаған. Ер адам қоңырау шалып, арызданған әйелмен бұрын бір шаңырақ астында тұрыпты, ажырасқан соң ол әйелдің үйіне мас күйінде келгені анықталды. 25 жастағы жас жігіт балконға шығып, қайта қосуларын сұраған, "егер бұл өтініші қанағаттандырылмаса, биіктен секіремін" деп қорқытқан, - делінген ҚР ІІМ ресми сайтындағы хабарламада.

Оқиға орнына автопатруль келіп жетті. Патрульдік полиция полкінің инспекторлары үшінші қабатқа көтерілгенде терезе үстінде қолына пышақ ұстап отырған адамды көреді. Тәртіп сақшылары оны сөзге тартып, назарын өздеріне аударып, қолындағы пышағын қағып түсіріп, одан кейін өзін де пәтерге сүйреп кіргізді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде орын алуы ықтимал қайғылы жағдайдың алды алынды. Алда мұндай фактілерді болдырмас үшін онымен профилактикалық әңгіме өткізіледі, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды