"Сайрам-Өгем" шатқалынан тағы бір адамның мәйіті табылды

pixabay.com
Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.

Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды. 22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Мүрдені тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.

Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні сағат 18.30-да "112" пультіне жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса. Тағы үш туристің мәйіті табылған болатын.

ҚР ТЖМ барша азаматтарға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, дайындықсыз тауға шықпауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады