Алматыда түнде қойма өртенді

zakon.kz
Өртті сөндіруге авиация жұмылдырылды.

Алматыда 3 шілдеде таңға жуық тауар мен материалдар сақталатын қойма өртенді, деп хабарлайды zakon.kz.

3 шілдеде түнгі сағат 4:44-те Алматының төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма жолы 87Г мекен жайында орналасқан қоймалардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Өрттің көрші қоймаларды шалу қаупі болып, сол жерде төтенше жағдайлар департаментінің штабы құрылды.

Сумен үздіксіз жабдықтау қамтамасыз етіліп, өртті сөндіруге авиация жұмылдырылды. 81 қызметкер мен 24 техника тартылды.

Қабылданған шаралардың күшімен таңғы сағат 7:44-те өрт ауыздықталды, делінген ТЖД хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі