Гаити президентін өз резиденциясында өлтіріп кетті

Getty Images
Премьер-министр міндетін атқарушы Клод Жозеф ел басшылығын өз қолына алғанын мәлімдеді.

53 жастағы Гаити президенті Жовенель Моиз түнде өз резиденциясында өлі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Коммерсанттың хабарлауынша, президентке шабуыл 7 шілдеге қараған түні болған. Бір топ адам Гаити президентінің резиденциясына баса-көктеп кірген. Шабуыл жасағандардың кейбірі испан тілінде сөйлепті. Президенттің әйелі де оқтан жарақаттанды. Ол ауруханаға жатқызылды.

Премьер-министр міндетін атқарушы Клод Жозеф ел басшылығын өз қолына алғанын мәлімдеді.

Ол президентке жасалған қастандықты айыптап, болған оқиғаны "жеккөрушілік, адамгершілікке жат қылық және варварлық акт" деп атады. Жозеф мырза Гаити ұлттық полициясы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын баса айтты. Шабуыл жасаушылардың жеке басы мен себептері әлі анықталған жоқ, - деп жазады басылым.

Жовенель Моиз 2017 жылдың ақпанында президент болып тағайындалды. Ол сайлауда 55,7% дауысқа ие болды, бұл - оның қарсыласы Джуд Селестеннен үш есе көп (19,5%) көрсеткіш. Моиз мырза бірнеше компанияның негізін қалады, атап айтқанда Compagnie Hatienne d'Energie S.A. энергетикалық компаниясы (елде күн және жел энергиясын жеткізеді) және ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтін Agritrans компаниясын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай