Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да оқ атылды

РИА Новости
Тәжік шекарашылары атқан оққа екі тәртіп бұзушы ілініп, жарақат алды.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары атысты, деп хабарлайды zakon.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 8 шілдеде сағат 17:00 шамасында болды, деп хабарлады бейсенбіде Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара қызметінің хабарлауынша, төрт қырғыз әскери қызметкері жергілікті тұрғындардың бірнеше жылқысын ұрлап, Қырғызстанға алып кету үшін Тәжікстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Олар Калашников автоматтарымен қаруланған болып шықты.

Тәжік шекарашыларының мемлекеттік шекараны бұзғаны туралы ескертуіне қырғыз әскери қызметшілері автоматтан оқ жаудырған. Тәжік шекарашылары атқан оққа екі тәртіп бұзушы ілініп, жарақат алды, деп хабарлады құзырлы орган.

Екі елдің шекара ведомстволарының өкілдері оқиға орнына аттанды, Қырғызстанның Баткен облысы мен көршілес Тәжікстанның Соғды облысы өкілдері кездесетін болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды