Инкассаторлар көлігі аударылып жатыр. Полиция желідегі видеоға түсініктеме берді

instagram.com/kris.p.almaty.official
Алматы облысының полиция департаменті видеодағы бұл оқиғаның 12 шілдеде сағат 16:50 шамасында Алматы-Талғар тас жолының 13-ші шақырымында орын алғанын растады.

Әлеуметтік желіде жол ортасында аударылып, төңкеріліп жатқан инкассаторлар көлігінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Голливудтың экшн-фильмінің кадрларына ұқсас видео оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Әркім әртүрлі болжам айтып, ойлар сан-саққа жүгірді.

Алматы облысының полиция департаменті видеодағы бұл оқиғаның 12 шілдеде сағат 16:50 шамасында Алматы-Талғар тас жолының 13-ші шақырымында орын алғанын растады. ГАЗ-2705 транзиттік көлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Апат салдарынан көлікке механикалық зақым келді, жүргізуші мен оның жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды