Атырауда тәртіп сақшыларына бағынбаған қарағандылық әйелге хаттама толтырылды

polisia.kz
Ол кафенің алдына үлкен екі қара сөмкесін қараусыз тастап кеткен.

Атырауда тәртіп сақшыларына бағынбаған қарағандылық әйелге хаттама толтырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 14 шілде күні сағат 14:00 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының 102 операторына Құлманов, 101 мекен-жайында орналасқан “Arizona” кафесінің қызметкерлері хабарласып, аталған кафенің алдына хиджаб киіп алған белгісіз әйел адам екі үлкен қара сөмкесін қойып кеткендігі жөнінде хабарлаған. Аталған мекен-жайға жеткен учаскелік полиция инспекторларының заңды талаптарына “Arizona” кафесінің алдында сөмкесін қараусыз тастап кеткен 33 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны бағынбай, оларды балағаттап, қарсылық көрсеткен.

Осы аталған оқиға бойынша 33 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлімімен (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды, - дейді Атырау қалалық ПД.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты