Желіде қызу талқыланған видеодағы оқиға Бішкекте орын алған болып шықты

pixabay.com
Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Желіде бір мекемеде ер адамның қызмет көрсетуші қызбен сөзге келіп, соңында оған калькуляторды жіберіп қалған видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл видео желі қолданушылардың қызу талқысына түсті. Бірі ер адамды жақтаса, екіншілері әйел жағында. Видеода әлденеге көңілі толмаған ер адам өзінің арызын айта бастайды, өзімен салғыласа кеткен қызмет көрсету орнындағы қызға ақырында дауыс көтеріп, алдындағы тұрған калькуляторды жіберіп қалады. Екінші ер адам оны сабырға шақырып, тыныштандыруға тырысады. Қыз құлағын басып, ер адамның артына тығылады.

Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Бірден тексеру басталды. Қырғызстандағы әріптестеріммен хабарластым, олар оқиғаның сол жақта болғанын растады, ал құқық бұзушы 1992 жылғы А.А. ер адам қазір табылып, Бішкектің Октябрь ауданының ішкі істер бөліміне жеткізілді, - дейді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.

Бұл оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін