Құрбысының көңілдесін аяусыз өлтірген әйел тоғыз жылға сотталды

zakon.kz
Зардап шеккен тарапқа моральдық зиян үшін 3 миллион теңге және 221 500 теңгенің материалдық шығынын өндіріліп алынды.

Қостанайда құрбысының көңілдесін аяусыз өлтірген әйел тоғыз жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2021 жылы 28 сәуірде орын алды.

Ер адам мен сүйіктісі дастарқан басында "тойлатып" отырып, сөзге келіп қалады. Көз жасына ерік берген құрбысына жаны ашыған әйел еркектің жанын шығармақшы болады. Сол кезде әйелдің қолына ас пышағы түседі, ашуланып жатын бөлмеге кеткен ер адамның артынан ілесе барады. Ол бар күшімен серпіліп, ер адамның жон арқасына пышақ қадайды. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, - дейді оқиғаның мән-жайы туралы облыстық ПД.

Облыстық сот анықтағандай, сотталушыға салынған қасақана кісі өлтіру айыбы сотталушының мойындау куәліктерімен, куәлардың айғақтарымен және қылмыстық істің тергеу материалдарымен, соның ішінде жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді.

Сот оны кісі өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырды. Зардап шеккен тарапқа моральдық зиян үшін 3 миллион теңге және 221 500 теңгенің материалдық шығынын өндіріліп алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді