Ақтау сасып, экологтар тексеру жүргізуге мәжбүр болды

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті
Темір-терсек іздеушілер жабайы қоқыс полигонын қопарып жүргені анықталды, нәтижесінде жағымсыз иіс ауаға шығып жатыр.

Экологтар Ақтаудағы жағымсыз иістің себебін атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Lada.kz сайтының хабарлауынша, қала тұрғындарының жағымсыз иістен және ауада күкіртті сутектің жоғарылауынан өздерін нашар сезінетіні туралы түсірген бірнеше шағымынан соң Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары жедел мониторинг жүргізді. Олар Қошқар ата қалдық қоймасы аумағындағы ескі полигондағы қалдықтардан жағымсыз иіс шыққанын білді. Полигон аумағы жабайы қоқыс алаңына айналған.

Темір-терсек іздеушілер полигонды қопарып жүргені анықталды, нәтижесінде жағымсыз иіс ауаға шығып жатыр.

Мамандар ауаға зертханалық талдау жүргізіп, зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының асып кеткенін хабарлады.

Жабайы қоқыс полигондары, өз алдына эпидемиологиялық қауіп тудырады. Олар қоршаған ортаның ластануының басты көзі болып келеді. Сасық иісті жел көтеріп, ұзақ қашықтыққа дейін жеткізеді, бірнеше шақырым радиустағы барлық тірі ағзаларды осылайша улайды. Адамдар онымен тыныстайды, әрине улану жағдайлары болуы мүмкін. Сондықтан да шағымдар қарша борайды. Қоқыс жайлаған аймақ улы және адам денсаулығына қауіпті. Ал денсаулығын қатерге тігіп, тапқан метал қалдықтарына келетін болсақ, олар көбіне жарамсыз болуы мүмкін, - дейді экологтар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз