Алматыдағы Баум тоғайында қыз-келіншектерді зорлап жүрген күдікті сотталды

zakon.kz
Анықталғандай, Айдарханов Баум тоғайының кісі көзінен таса жерінде әйелдерді сырттан бақылап, күтіп отыратын болған, ал қолына түскен құрбанды пышақпен қорқытып, зорлаған.

Алматыдағы Баум тоғайында қарауылдап, қыз-келіншектерді зорлаған күдікті ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы полиция бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов 1991 жылғы азамат Айдархановтың "бірнеше рет сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасау әрекеттері" бабы бойынша сотталғанын айтты.

Анықталғандай, Айдарханов Баум тоғайының кісі көзінен таса жерінде әйелдерді сырттан бақылап, күтіп отыратын болған, ал қолына түскен құрбанды пышақпен қорқытып, зорлаған.

Полиция мұндай қылмыстың төрт фактісін дәлелдеді.

Айдархановтың неше жылға сотталғаны айтылмады. Ал аталған бап бойынша қылмыскерлер тоғыз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны белгілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды