Қызылорда облысында Мәдениет басқармасының басшысы парамен ұсталды

Павел Михеев / zakon.kz
Объектіні кедергісіз қабылдап, тиесілі қаржыны тез аударғаны үшін 1 млн теңге алғанға ұқсайды.

Қызылорда облысының Мәдениет басқармасының басшысы пара алу бойынша күдікке ілікті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алу дерегімен күдіктенді.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялануға жатпайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі