Ауғанстанда тәліптер Deutsche Welle тілшісінің туысын өлтіріп тастады

pixabay.com
Тағы бір туысы ауыр жарақат алды, Ал қалған таныстары қашып үлгерген, олар сол елде тығылып жүр.

Ауғанстанның батысында тәліптер Deutsche Welle (DW) телерадиокомпаниясы тілшісінің жақын туысын өлтіріп тастады. Тағы бір туысы жараланды, деп хабарлайды zakon.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы DW өз сайтында хабарлады.

Газеттің хабарлауынша, тәліптер сол кезде Германияда жүрген журналистке іздеу салған. Лаңкестер оның екі туысын тауып алған, оның бірі ауыр жараланды.

Журналистің қалған туыстары соңғы сәтте қашып үлгерген және қазіргі уақытта содырлардан жасырынып жүр. Компанияның бас директоры Петер Лимбург бұл оқиғаны айыптап, Германия үкіметін "шешуші шара қолдануға" шақырды.

Біздің қызметкерлердің бірінің туысының Талибан тарапынан өлтірілуі қазіргі уақытта журналистер мен олардың отбасы үшін Ауғанстанда болу қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді, - деді Лимбург.

Келіп түскен хатта елден кеткісі келетін қызметкерлер "қудалауға, қамауға алуға, азаптауға ұшырайтыны, ақыры өлтірілетіні" айтылған. Хатқа қол қойғандар арасында Die Zeit, Der Spiegel, "Шекарасыз репортерлер", Süddeutsche Zeitung, Frankfurter Allgemeine Zeitung және басқа басылымдар да бар.

Бұған дейін Ауғанстандағы журналистерді қорғау комитеті жергілікті БАҚ қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде