Елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 16:50 Фото: unsplash
Астанада патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Сарайшық көшесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қызмет атқару барысында Kia маркалы автокөлікті тоқтатты.

Тексеру кезінде 23 жастағы жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезілген. Осыған байланысты ол медициналық куәландыруға жіберілді.

Сараптама қорытындысы оның орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар заң аясында қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: