Нұр-Сұлтанда полициядан қашқан жүргізуші мас болып шықты

zakon.kz
Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары мас жүргізушінің ізіне түсіп, ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Түнде тергеу-жедел тобы жол ережесін өрескел бұзған Subaru көлігін байқайды.

Полиция бұл көлікті тоқтату туралы шешім қабылдайды. Алайда жүргізуші тоқтағанның орнына газды басып, адамдардың өміріне қауіп төндірді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетімен қылмыскер тоқтатылды. Ұстау кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі мүңкіп тұрды, - деп хабарлады астаналық ПД.

Медициналық тексеру нәтижесі бойынша орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 -бабының 1 -бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Жүргізуші он бес тәулікке қамауға алынды және ол жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, - деді Нұр -Сұлтан қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды